20.07.2018, 13:26
Оқылды: 26

Қош бол, Чемпион! (ФОТО)

Орал қаласындағы Мұз сарайының алдына белгілі спортшы Денис Теннің қазасына орай естелік бұрышы ұйымдастырылды. Қайғыға ортақтасқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Нұрмұханбетов, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумов, жастар мәселесі басқармасының басшысы Аян Сакошев және қала тұрғындары қатысып, гүл шоқтарын қойды.

ten (11)– Еліміздің бетке ұстар спортшысының мезгілсіз қаза тапқаны қан жылатты. Бекзат өнердің текті түлегі қазақ қоғамының жанарында мәңгілік жас болып қалады, – деді қайғыра көңіл айтқан Әсия Рахымқызы.

ten (9)Еске сала кетейік, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тен 19 шілде күні қаскөйлердің қолынан қаза болған еді. Оқиға Алматы қаласындағы Құрманғазы, Байсейітов көшелерінің қиылысында күндізгі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі ұрының үстінен түскен. Қарақшылар спортшының денесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. 25 жасар Денис ауруханаға жеткізілгенше үш литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер спортшының өмірі үшін екі сағаттан астам уақыт күрескенімен, оны ажал аузынан арашалай алмады. Денис Тенді аза тұту шаралары Қазақстанның көптеген қалаларында ұйымдастырылуда.

ten (7)«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде спортшының өліміне қатысты екі күдіктінің біреуі ұсталды. Ал екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу салынуда. Мезгілсіз өмірі үзілген жас спортшымен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ

zhaikpress.kz

ten (12)

ten (15)

ten (14)

ten (13)

ten (6)

ten (5)

ten (3)

ten (10)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале