1.06.2018, 15:13
Оқылды: 72

Көшербаев оралдықтарға сәлем айтты

34065878_2126325234310484_3358182061989953536_nБүгін Қызылорда облысына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бастаған Батыс Қазақстан облысының делегациясы Қырымбек Көшербаевқа БҚО-ның «Құрметті азаматы» атағын табыстап, облыс әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтауын жеткізді. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өңірлерді дамыту туралы бағдарламаларын орындау мақсатында Ақжайық өңірінде атқарған адал еңбегіңізді батысқазақстандықтар әрдайым жоғары бағалайды. Облыстың «Құрметті азаматы» атануыңыз – өңірімізде қалған «Көшербаев қолтаңбасының» қоғамдық мойындалуы. Жаңа мыңжылдықтың бас кезінде Орал өңірінің гүлденуіне қосқан үлесіңіз үшін Сізге өңір тұрғындарының атынан алғыс білдіремін»делінген А. Көлгіновтің құттықтауында.

Өз кезегінде өңірімізді 2000-2003 жылдары басқарып, тұрғындардың оң бағасын алған Қырымбек Елеуұлы да Ақжайық жұртына ризашылығын жеткізді.

34139980_2126325237643817_4724062214229590016_n«Сыр-Алаштың анасы, Сыр-Алаштың панасы деп атайды қазақта. Осындай киелі де қасиетті Қорқыт бабамыздың жеріндегі сәлемімді жеткізіңіздер..

Ақжайық өңірі жасарып жаңаруда, қарқынды дамуда. Елбасының сарабдал саясатын іске асыру мақсатында Батыс Қазақстанның мәртебесі биік болсын!

Осындай шешім қабылдаған облыс әкімдігіне, Алтай әріптесіме, облыстық мәслихаттың депутаттарына, Ақжайық өңірінің барлық азаматтарына басымды иіп рахметімді айтамын» деді – Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, кеше облыстық мәслихаттың кезекті XVII сессиясында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің ұсынысын депутаттар бірауыздан қолдап, Қырымбек Көшербаев пен Бірғаным Әйтімоваға облыстық «Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале