24.08.2017, 10:53
Оқылды: 41

Көші-қон басқармасының мекенжайы өзгерді

БҚО ІІД Көші-қон қызметі басқармасы тұрғындарға енді Орал қаласы, Әйтиев көшесі, 2-үйде қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі.


Шетелдіктерді уақытша тіркеу, еңбекші көшіп келушілерге рұқсатнама қағазын алу, виза және шақыру визасын алу, тұрақты тұруға ҚР аумағынан шығарылу, ықтиярхатын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін көші-қон қызметі басқармасына жолығуға болады.

БҚО ІІД Көші-қон қызметі басқармасының қабылдау бөлмесінің телефон нөмірі: 50-92-35; көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары: 51-35-10; Орал қалалық ІІБ Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы: 51-22-32.

zhaikpress.kz                     

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале