3.11.2017, 12:38
Оқылды: 44

Көшімде мал сою бекеті ашылды

 

5cceb880-52f2-4850-a172-6a6b1f4d08dfБүгін Зеленов ауданына қарасты Көшім ауылында модульді мал сою бекеті ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров қатысып, шаруаларды нысанның ашылуымен құттықтады.

Ағымдағы жылдың көктемінде жергілікті ауыл шаруаларының басын біріктірген «Николай и Ко» ауыл шаруашылық кооперативінің болашаққа жоспары да мығым. Қолға алған істері оңға басып, мал сою бекеті қалыпты жұмыс жасаса ет өнімдерін экспортқа шығармақ ойлары бар.

Айта кетейік, көктем шыға Көшім ауылының 22 тұрғыны бас қосып, «Николай и Ко» кооперативін құрған. Тамыз айында кооператив «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» модульді мал сою бекетін сатып алу үшін 19 миллион теңге несие алды.

61901832-56ee-449a-aa2d-95291bf6855bАшылған мал сою бекеті бір тәулік ішінде 5 немесе одан да көп мал басын қабылдай алады. Инвестициялық шығындардың жартысы мемлекеттік субсидиялар есебінен өтелді. Кепіл ретінде жабдықтың өзі қойылған. Бұдан бөлек, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» кооператив мүшелерін «Береке» бағдарламасымен етті бағыттағы сиыр сатып алу үшін қаржыландырған. Олар қордан бөлінген 36 миллион теңгеге қаражатқа 171 бас ірі қара мал сатып алған. Бүгінгі таңда «Николай и Ко» кооперативінің мүшелерінде 300-ден астам ірі қара малы бар.

Облыс орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан кооператив «Орал шұжықтары» қайта өңдеу кәсіпорнына, сондай-ақ сауда желілеріне ет жеткізуді, артылған етті экспорттауды нақты жоспарлап отыр.

Кооперативтің мал азығын дайындайтын ортақ техникалары да бар. Модульді мал сою бекетіне бөлінген жер учаскесінен бөлек жайылым мен шабындық жерлер жергілікті әкімдіктің қолдауымен беріледі деп күтілуде. Жақын уақытта жұмысқа ветеринар, қасапшылар және басқа да жұмысшылар қабылданатын болады.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале