1.07.2020, 20:36
Оқылды: 59

ҚР Президенті: "Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялауды ұсынды"

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

2020062819371328901_5eb913044b15f544535439

«Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді», - деп жазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында қатаң карантинге қатысты шешімді мемкомиссия қабылдайтынын айтқан болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале