14.11.2018, 17:28
Оқылды: 58

«Кублей» Қытайға ет шығарады

ҚР Сыртқы сауда палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, батысқазақстандық «Кублей» ЖШС  Қытайға ет экспорттайтын болды.

куб3лей

Шанхайда импорт тауарлар мен қызмет түрлерінің «China International Import Expo» халықаралық көрмесі өтуде. Оған 130 мемлекеттен 2800 компания қатысып, өз өнімдерін ұсынып отыр. Көрмеге Қазақстаннан 302 компания қатысып, өндіріс, ауыл шаруашылығы, машина жасау, туризм және тағы басқа сала бойынша тауарлар мен қызметтерін жарнамалауда.

Аталмыш халықаралық көрме аясында қазақстандық «Кублей» ЖШС мен «Karamay Yuguanfu Foreign Trade Co Ltd» (Қытай) арасында Қытайға 20 мың тонна сиыр мен қой етін экспорттау бойынша келісімшартқа қол қойылды. Мамандардың айтуынша, бұл серіктестіктің Қытайға ет шығару жөніндегі алғашқы келісімі.

Гүлбаршын   ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале