17.03.2017, 19:11
Оқылды: 28

Құқық қорғау қызметкерлері арасында чемпионат өтті

Наурыз мейрамы қарсаңында Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы құқық қорғау қызметкерлері арасында самбодан дәстүрлі чемпионат өтті, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі.


Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ІІД кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Ж.Мусадиев, «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының бас маманы Жұматов Асылбек Садырұлы, ішкі істер органдарының және спорт ардагерлері қатысты.

Чемпионатта 8 салмақ дәрежесі бойынша 115 спортшы намысқа тырысып бақты.

Тартысты жарыс нәтижесінде командалық есепте I орынды ІІД аппаратының командасы иеленсе, II орынды Орал қаласы ІІБ және жүлделі ІІІ-орын ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командасына бұйырды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале