4.05.2017, 12:01
Оқылды: 54

Құқық қорғаушылар шағын-футболдан өзара мықтыларды анықтады

????????????????????????????????????

  Аталған спорттық шара Қазақстан полициясының 25 жылдығына, 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күні мерекесіне орай өткізілді.

  Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне БҚО ІІД басшылығы, «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы облыстық филиалының өкілдері, ішкі істер органдары мен спорт ардагерлері  қатысты.


  Турнирде құқық қорғау құрылымдарынан құралған 7 команда бақтарын сынады. Олар:  БҚО прокуратурасы, ІІД аппараты, БҚО бойынша МКҚБ, БҚО бойынша ҚАЖД, БҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті және БҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен құралған аяқдоп шеберлері.

  Жасыл алаңдағы әр кездесу тартысты әрі қызықты өтті. Жанкүйерлер де өз командаларына қолдау көрсетті.

  Ойын нәтижесінде командалық есеп бойынша жеңіс тұғырына БҚО бойынша МКҚБ командасы иеленсе, 2-орынды БҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаменті місе тұтты. Үздік үштікті БҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті командасы қорытындылады. Сондай-ақ, командалар сапынан «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша шеберлер анықталды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале