2.12.2020, 12:22
Оқылды: 70

Құқықтық сауатыңызды танытып, сайлау құқығын пайдаланыңыз

Келер жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Соған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы үндеу жолдаған болатын.

6E090809-1D88-4F14-BEBC-13E9409AA37E «Егер сіз дауыс беру күнінде 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар. Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз – сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың жүзеге асуының кепілі. Сайлаушылар тізімін жергілікті атқару-шы құрылымдар жасайды. Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз сізді сайлау-шылар тізіміне енгізуге негіз болып табылады. Сайлау учаскеле-рінің шекарасы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады» делінген үндеуде.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сенсек, әр сайлаушы сайлау белгіленген кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы құрылымда  сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. «Сізге 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған мекенжайға келу мүмкіндігіңіз болмайтыны белгілі болса, баратын жеріңіздегі әкімдікке сайлау-шылардың тиісті тізіміне қосу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз. Егер сіз тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз және тұрғылықты жеріңіз бойынша уақытша тіркелген болсаңыз, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен уақытша болатын жердегі әкімдікке жүгінуге құқылысыз» деп баяндалған. Сондай-ақ орталық сайлау комиссиясы әр сайлаушыны құқықтық сауаттылық танытып, сайлау құқығын пайдалануға шақырады. «Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз қажет. 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі» деп түйінделеді.

Өз тілшіміз

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале