23.01.2017, 19:45
Оқылды: 82

«Күміс кітаптың» авторымен өткен кездесу

tomen03  Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінде белгілі саясаттанушы, жақында ғана жарық көрген «Күміс кітаптың»  авторы Бақытжан Бұқарбаймен семинар-тренинг өтті. Еркін форматта сұрақ-жауап түрінде өткен кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетов, БҚО әкімінің баспасөз хатшысы Жарқын Түсіпбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары және журналистер қатысты.


  Кездесуде Бақытжан Бұқарбай әлеуметтік желінің маңыздылығына тоқталып, «Оқырманды қалай қызықтыруға болады? Қалай аудитория жинауға болады? Сайттың  оқылымдылығын арттыру үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ автор өзінің журналистік тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі журналистиканың дамуы туралы өз ойын ортаға салды.

  Семинарда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан  Хаберұлы  алдағы жазда 100 жылдығын тойлағалы отырған қос бірдей басылым «Орал өңірі», «Приуралье» газеттері және «Жайық Пресс» медиахолдингі туралы айта келіп, алыстан ат арытып жаңа кітабын жұртшылыққа таныстыруға келген  Бақытжан Бұқарбайға шынайы  алғысын білдірді. «Күміс кітаптың» таныстырылымы ертең сағат 10:00–де  Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық  ғылыми-әмбебап кітапханада өтеді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале