30.12.2016, 21:00
Оқылды: 29

Құрметті батысқазақстандықтар!

jana-jil-2017   Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

  Еліміз үшін де, өңіріміз бойынша да табысты әрі тарихи оқиғаларға толы болған 2016 жылды шығарып салудамыз. Ел тәуелсіздігінің 25-жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүзеге аса бастады. Реформалардың алғашқы жылдағы бастапқы нәтижелерін біздің өңіріміздің тұрғындары да нақты сезінді. Ел Президентінің қолдауы мен мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде тек өткен он екі айда облысымызда 250 шақырым жол жөнделіп, 215 әлеуметтік нысан жаңартылды. Облыс орталығында жаңа алаң ашылып, 300 орындық көпбейінді аурухана, оқушылар және жастар сарайы пайдалануға берілді. Сондай-ақ 1500 отбасы баспаналы болған құтты жыл болды. Еліміздің Батыс қақпасы атанған біздің өңіріміз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына осындай толайым табыстармен жетті. Елбасының сөзімен айтар болсақ, «Ұлт жоспары ұлағатты жолға бастап келеді».

  Біз қоғам болып жыл бойы ұйымдастырған маңызды шараларымыздың бәрін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен байланыстырдық. Тойлауды емес, ойлауды мұрат етіп, азаттықтың алғашқы ширек ғасырында қол жеткізген табыстарымызды саралап, салмақтадық. Ой қорытып, болашаққа деген сенімімізді нығайттық.

  Қадірлі ағайын!

  Әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға мол табыс, берік ынтымақ тілеймін!

  Жаңа жыл құтты да берекелі болсын!

 

Игі тілекпен,

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале