14.07.2017, 15:46
Оқылды: 34

Құрылыс сапасы қатаң бақылауда

   Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев Деркөл ауылындағы жол құрылысының жұмыс барысымен танысты.

      Қала әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы қалаішілік жолдарға ауқымды құрылыс жұмыстары жүруде. Биыл 72 шақырымды құрайтын 63 көшенің жолының құрылысын аяқтау жоспарда екен. Жол құрылысының негізгі бөлігі Деркөл (ПДП-1) ауылының 23 көшесі (шамамен 15 шақырым) және Жұлдыз шағын ауданының 12 шақырымына тасжол төселетін болады.


  Деркөл (ПДП-1) ауылындағы жолдарды жасап жатқан бас мердігер - «Уральскводстрой»АҚ. Құрылыс жұмыстарына 70 жұмысшы тартылған. Бұл нысанды уақытынан бұрын тапсыру жоспарда. Жобаның жалпы құны 1 608 728 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда жолдың жеңдеріне асфальт, тас төсеу, монтаждау, жаяу жүргінші жолдары құрылысын жүргізуде.

       Мұрат Мұқаев мердігер компанияға бастысы жұмыстың сапасына көп көңіл бөлу керектігін ескертті.

Ал Шевченко және Исаев көшелерінің Әйтиев пен Нұрпейісов көше аралығының 640 метр ұзындықты құрайтын көше жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталған. «Приоритет» ЖСК мердігер өкілі Жанна Кенжинаның айтуынша, бұл жолдардың құрылыс жұмысы былтыр қыркүйек айында басталып, қар түскенше жасалды. Ал биыл сәуір айында қайта басталып, шілде айының басында аяқталып отыр. Тапсырыс беруші ҚПО б.в. компаниясы бұл жұмыстарға 81 миллион теңге бөлген.

     Шаһар басшысы бұл Шевченко және Исаев көшелері қала орталығындағы маңызды көше жолдары екенін, 7 жылда мердігер атқарылған жұмыстың сапасы үшін жауапты екенін ескертті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале