18.09.2020, 23:07
Оқылды: 98

«Қызыл шек»: ДСМ коронавирусқа байланысты қатаң шара қандай жағдайда қолданылатынын түсіндірді

Қазақстанда коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түскен науқастар саны 30 мың адамға жеткенде карантин шаралары қатаңдатылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

koronavirws-kazahstan-750x499

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналистер ресми өкілден:

«Әлеуметтік желіде Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны келген жағдайда көктемдегі жағдай қайталанады деушілер бар. Қауіп бар ма, оқиға дамуының ең нашар сценарийі әзірленген бе?», - деп сұраған еді.

«Бұл ретте өзіміз-ақ ой елегінен өткізіп, дөп түсуімізге болады. Бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде кез келген сәтте стационарларда 70 мыңнан астам коронавирус жұқтырғандарға төсек-орын дайындай алады. Бұл «қызыл шек« саналады. Қазіргі уақытта елімізде орташа есеппен 500 -600 науқас анықталып отыр. Егер бұл саны 30 мыңға жететін болса, онда бұл елімізде ең қатаң карантин шараларын енгізу үшін басты белгі саналады», - деді ол.

Оның айтуынша, коронавирустың орташа және ауыр формасымен ауырғандарды қамту үшін елімізге 5 мың өкпені жасанды желдету аппараты қажет. Бүгінде бұл аппараттар сатып алынып, ауруханаларға жеткізілген. Аппараттардың 1,5 мыңы Қазақстанда жасалған.

«Еліміз бойынша жұқпалы аурулар ауруханаларының, провизорлық орталықтардың басым бөлігі, ауруханалардың барлығы оттегі концентраттарымен қамтамасыз етілген. Бұл ауыр формадағы науқастарды емдеуде өте тиімді тәсіл саналады. 3,5 мыңнан астам ұтқыр бригада құрылды. Бұл дегеніміз дәрігер мен медбикесі бар жедел көмек көрсету автомобилі саналады. Егер төртінші санаттағы қоңырау түсетін болса, онда олар шақырту орнына жедел аттанып, қажеттілік туындаған жағдайда сол жерде-ақ пациентке кез келген тексеру жүргізе алады», - деді ресми өкіл.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале