17.07.2018, 21:22
Оқылды: 30

М.Мәметова көшесі қыркүйек айында ашылады (СУРЕТ)

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласының М.Мәметова көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарымен танысты.


 

Облыс басшысы мердігерлерге жөндеу жұмыстарын жаздың жауын-шашынсыз жайлы ауа райын ұтымды пайдаланып, мерзімінен бұрын аяқтау қажеттігін айтты. "Күрделі жөндеу жасалып жатқан Неусыпов көшесінен Петровский көшесіне дейінгі М.Мәметова көшесінің бұл бөлігінде көлік қозғалысы мол, халық тығыз қоныстанған. Сондықтан жол қабатының сапасы, технологиясы қатаң сақталуы басты назарда болуы тиіс" деді облыс әкімі.

Мердігер компания "Nursat" ЖШС-ның учаске бастығы Бақтияр Қарабасовтың айтуынша, жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының ортасына дейін аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ М.Мәметова көшесі мен Кердері көшесінің қиылысындағы жылу магистралі де қайта құрылуда. Бұған Ұлттық қордан 467 млн. теңге бөлінген.

zhaikpress.kz

сурет: Айбатыр Нұраш

PRI_0220 PRI_0228 PRI_0229 PRI_0277 PRI_0279 PRI_0281

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале