1.04.2020, 15:42
Оқылды: 259

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да қашықтан білім беру үрдісі оңтайлы жүзеге асырылуда

bkmu

Еліміздегі төтенше жағдайға  байланысты барлық жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының алдында қашықтан оқыту технологиясы арқылы білім беруді оңтайлы әрі сәтті жүзеге асыру мақсаты тұрғаны айқын.  ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аталған мәселеге орай арнайы брифинг өткізіп, «Қашықтан  оқытудың жаңа форматтары» тақырыбында  сөз алып, басты мәселелерге тоқталып, жан-жақты түсіндірген болатын.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қазіргі таңда қашықтан оқыту үрдісі MOODLE, ZOOM, VIBER, WHATSAPP, INSTAGRAM, SKYPE, MicroSoft Teams т.б. автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламалары мен әлеуметтік желілерді де пайдалана отырып тиімді жүзеге асырылуда. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру мақсатында MOODLE  автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне барлық мамандықтар мен білім беру бағдарламалары жүктеліп, 1000-ға жуық пәндер енгізілген. Ақпараттық жүйеге 5000-нан астам білім алушы мен  400-ге жуық оқытушы тіркеліп, қазіргі таңда жұмыстануда. Сонымен қатар бұл жүйеге  барлық мамандықтар мен білім беру бағдарламасы бойынша  электронды оқу-әдістемелік кешендер  мен оқу-әдістемелік материалдар (дәріс, семинар, СОӨЖ, ОМӨЖ, СӨЖ, МӨЖ тапсырмалары,  аудио, бейне дәрістер, электронды оқу құралдары) жүктелген болатын. Оқу орнының интернет жылдамдығы 110 мб/с құрайды .  MOODLE  АИС жүйесінде жұмыс жүргізу үшін студентер мен магистранттар және оқытушылар үшін оқыту семинарлары өтті. Барлық білім алушылар оқу орнының ғылыми кітапханасы мен республикалық жоғары оқу орындарының  кітапханаларының электронды қорына кіру мүмкіндіктеріне ие. Университеттің сайтында қашықтан білім беру порталында  жұмыс жасауға арналған  оқыту презентациялары да жүктелген.

Қашықтан оқыту технологиясын меңгерген білікті маман  онлайн түрде білім алушыға жеткізу  шеберліктерін көрсетіп, қашықтықтан білім беру арқылы  өз-өзіңді дамытуға жол ашып,  оны нақты әрі жүйелі түрде  іске асыруға серпін беретінін барлық ұстаздар дәлелдейтіні айқын.

Рита Сұлтанғалиева, 

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале