26.02.2020, 18:19
Оқылды: 333

Максим үздік ойыншылар қатарына енді

Бендиден Бүкілресейлік чемпионаттың жоғары лигасында өнер көрсеткен Оралдың «Ақжайығы» маусымды аяқтады.

BENDI (2)

BENDI (3)

BENDI (1)

Жиырма сегіз ойын өткізген Николай Шавалдин шәкірттері 58 ұпай жинап, өз тобында үшінші орынға тұрақтады. Соңғы турға дейін жүлдеге таласуға мүмкіндік беретін плэй офф кезеңінің жолдамасына таласқан Орал оғландарына бір ғана ұпай жетпей қалды. Жалпы біздің ойыншылар лигада 160 гол соғып, өз қақпаларына 80 доп жіберген. Бұл – чемпионаттың үздік көрсеткіші. Ал 28 матчта 73 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеп, 16 нәтижелі пас берген оралдық команда ойыншысы Максим Пахомов лиганың үздік ойыншылары қатарына енді.

Енді спортшылар келер жылғы маусымға дайындықты бастамақ.

                                                                                            Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале