30.11.2016, 13:16
Оқылды: 61

Манифеске арналды


«25 жұлдызды күндер» және жалпыұлттық «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі тақырыптық күн аясында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Достық үйінің кітапханасында дөңгелек үстел өтті. 

Қоғамның назарын соғысты болдырмауға аудару және Елбасы Н.Назарбаевтың дүниежүзі мойындаған құжатын насихаттауды мақсат еткен шараға қатысуышылар алдымен  «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі атты көрмені тамашалады.

Дөңгелек үстелде «Ламед» еврей этномәдени бірлестігі басшысының орынбасары Ф.Баюканский, Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлері және өзге де қатысушылар Елбасының ядролық қаруға тиым салу және оны жаппай жоюдағы өркениетті күресі жөніндегі өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ шарада Қазақстан алғашқылардың бірі болып, Семей полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартқаны, Президенттің әлемдік қауымдастыққа жаңа бастамамен шығуы, ғаламдық және өңірлік, мемлекетаралық проблемаларды шешу үшін келіссөздер алаңын құру мәселелері туралы да кеңінен әңгімеленді.

Гүлжамал Жолдығали

www.zhaikpress.kz

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале