6.06.2018, 0:25
Оқылды: 98

Исатай мен Махамбеттің ескерткіші биыл бой көтермек

«Исатай мен Махамбеттің ескерткішіне қаражат қарастырылды. Бірнеше орын белгіленді, халықпен ақылдасу керек. Көптен шешімін таппай келген мәселе. Қашанғы созып жүреміз, биыл шешімін табуы тиіс»,-деді тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында» Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.


 -Күй атасы Құрманғазы мен Динаға, қазақтың үш батыр қызына ескерткіш көтерілді. Енді Исатай мен Махамбетке де ескерткіш қойылады. Оған кәсіпкерлеріміз де көмектеседі. Себебі ескерткіш қана емес, оның алдында саябақ болады. Адамдардың тарихтан тәлім алатын, демалатын рухани орны болса дейміз. Басқа ескерткішті бұзып, соның орнына қоюды құптамаймын. Себебі әр ескерткіштің өзіндік тарихы бар. Өзге ескерткішке тиіспесек те, жер жетеді. Орны жөнінде тұрғындармен, зиялы қауыммен ақылдасамыз. Байқау жарияладық, жергілікті жердің де, республиканың да мүсіншілері қатысып жатыр. Эскиздерді алған соң мәдениет министрлігімен келісеміз, халыққа көрсетеміз,-деді Алтай Сейдірұлы.

Тікелей эфирде өткен «Әкім сағатына» тұрғындардан телефон желісі арқылы 11, whatsApp арқылы 178, саll-орталыққа 98 сұрақ түсті. Барлық сұраққа әкімнің баспасөз қызметі арқылы жауап берілетін болады.

Нұрлыбек Рахманов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале