16.07.2018, 18:31
Оқылды: 53

Мәжіліс депутаты Оралдағы құрылыс нысандары мен кәсіпорындарда болды

deputat (1)Бүгін өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Кеңес Абсатиров бір қатар құрылыс нысандарында болып, кәсіпорындардың жұмыстарымен танысты.


Мәжіліс депутаты алдымен Орал қаласындағы Құрманғазы көшесі, 196 мекенжайында орналасқан апатты үйдің орнынан бой көтерген көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын көрді.

Айта кетейік, 1937 жылы пайдалануға берілген жалпы ауданы 491 шаршы метрді құрайтын қос қабатты ескі үй сүріліп, орнына су жаңа тоғыз қабатты тұрғын үй салынуда. Апатты үйді бір ғасырға жуық мекендеп келген сегіз отбасы уақытша пәтерлерге орналастырылған. Жаңа баспана құрылысын «Қазхол» ЖШС қолға алған. deputatМемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында былтыр тамыз айында 64 пәтерлік жаңа тұрғын үйдің құрылысы басталған болартын. Қазір құрылыста елуге тарта құрылысшы еңбек етуде. Күзге дейін құрылыс толық аяқталып, апатты үйдің тұрғындары көшіріледі. Қалған пәтерлерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары алады. Ал төменгі қабаттағы пәтерлер бұрын апатты үйде орналасқан сауда нысандарының иелеріне беріледі. Жалпы, осы маңнан 74 пәтерлік тоғыз қабатты үй мен 200 пәтерлік 11 қабатты тұрғын үй салынады деп жоспарлануда.

-Белгіленген кестеге сай Мәжіліс депутаттары ауыл-аймақты аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысуда.  Өткен аптада Жамбыл облысында болсақ, енді батыс өңірге келдік. Сапар барысындағы басты мақсатымыз-Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасы үндеуінде айтылған тапсырмасының жергілікті жерде орындалуын қадағалау болатын. Міне, апатты жағдайдағы тұрғын үйдің орынына салынған су жаңа үйдің құрылысымен таныстық. Енді бір-екі айда 64 тұрғын өз баспаналарының иесі атанады. Жалпы, бұл облыста құрылыс жақсы қарқында жүргізілуде. Соңғы жылдары қала мүлдем өзгеріп, жаңарып жаңаша күйге еніп келеді. Қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар салынып, жолдар жөнделуде. Осының барлығы халық игілігі үшін жасалуда,-деді Кеңес Ғарапұлы.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты «Жайық ет» ЖШС мен «ПОШ Руно» ЖШС-да болып кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале