10.07.2018, 14:34
Оқылды: 68

Мәжілісмендер Оралдағы мамандандырылған ХҚКО барды  

 

spets tsonӨңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Орал қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Халық қалаулыларының қатарында «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Евгений Козлов, Глеб Щегельский, Сергей Симонов және Снежанна Имашева бар.


 

spectsonМәжілісмендер тұрғындарға Парламент жұмысы мен Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ депутаттар автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алуға қатысты барлық мемлекеттік қызметтерді тұрғындардың  бір кешеннен алатындығының тиімділігі зор екенін айтты.

Айта кетсек,  орталықта электрондық кезек тәртібімен күніне 400-ге жуық  адамға қызмет көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау, рәсімдеу «Бір терезе» қағидасымен жүзеге асуда.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале