24.11.2016, 12:26
Оқылды: 74

"Медеттің көркем əлемі"

20161124_120255Бүгін Орал қаласындағы Сəкен Ғұмаров атындағы көркемсурет музей-үйінде осындай тақырыппен облыстық "Приуралье" газетінің фототілшісі болған, өз ісінің шебері, өмірден ерте кеткен Досымов Медет Сүндетұлының шығармашылығына арналған фотокөрме өтуде.


20161124_130237Аңсаған биігіне жете алмай кеткен талантты фотосуретшінің көрмесіне облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері, өзі соңғы деміне дейін еңбек еткен "Жайық Пресс" медиахолдингінің ұжымы, марқұмның туыстары, артында қалған жары мен бүлдіршін қызы, жалпы, өнерді қадірлейтін жұртшылық жиналды.
20161124_121051

Музей меңгерушісі Мəмбетқазиева Гүлшарат Рамазанқызының айтуынша, көрмеге айналамызды қоршаған қызылды-жасылды əлемнің өзгелердің назарына ілінбейтін тылсым сəттерін суретке түсіруден жалықпайтын 20161124_120332Медеттің объективінен шыққан 38 фотосуреті, жеке басына қатысты деректер мен отбасылық суреттері, баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар, т.б. жəдігерлер қойылды.

Көрмеге қойылған Медеттің фотосуреттері табиғат ғажайыптары, күн сайын жаңарып, жасарып келе жатқан қаламыздың көрнекті орындары, тіршілік тылсымдары тақырыптары бойынша топтастырылған.
20161124_120355Объективін жарқылдатып жүріп өзі де жасындай жарқылдап өткен талантты суретшінің шығармашылығына арналған көрменің ашылу салтанатында сөз алғандардың айтқан естеліктерінде, оқылған өлең-жырларда өкініш пен мақтаныш сезімдері қатар өріліп жатты.

20161124_120448Көрме бір ай бойы, яғни, ағымдағы жылдың 24 желтоқсанына дейін жұмыс істейді.

Айгүл Ахметова
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале