29.03.2017, 17:00
Оқылды: 18

Денсаулық сақтау министрі емдеу мекемелеріндегі жаңа үдерістермен танысты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Батыс Қазақстан  облысында сапары барысында облыс орталығындағы бірқатар медициналық нысандарды аралап, денсаулық сақтау саласына енгізіліп жатқан жаңа үдерістермен таныс болды.


Алдымен №5 қалалық емхананы аралап, терминал арқылы электронды кезекті басқару жүйесі, Kazmedinform (аймақтық ақпараттық-талдамалық медициналық жүйе) жүйесі және облыс тұрғындарының түйіткілді мәселелерін шешуге бағытталған арнайы Call-орталығының жұмыстарымен танысты. Нысанды аралау барысында сала басшысы емханаға жаңадан енгізілген электронды кезек жұмысын тексеріп көру мақсатында өзі де кезекке тұрды. Сөйтіп, электронды кезектің тиімділігін жоғары бағалады. Call-орталығына да арнайы бас сұғып,  бұл жүйенің біздің облыста қалай жүзеге асып жатқандығын бақылады.

Айта кетелік, бүгінгі таңда өңіріміздегі 36 аурухана мен емханада бірыңғай Call-орталығы жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар министр 2016-2019 жылдарға арналған жіті миокард инфарктісі және инсультке, онкологиялық қызмет және босандыру қызметі, балаларды басқару бойынша денсаулық сақтаудың бірыңғай модельдерін енгізу үшін пилоттық аймақ ретінде Батыс Қазақстан облысы таңдалып алынғанын да жеткізді.

Кездесу барысында белгілі болғанындай, алдағы уақытта әртүрлі медициналық ұйымдарда клиникалық және клиникалық емес үрдістерді автоматтандыруға арналған медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) енгізілетін болады.

Алдағы уақытта Kazmedinform жүйесіне тағы да жаңа өзгерістер енгізілмек. Енді кез келген тұрғын ұялы телефонына аталмыш қосымшаны жүктеп алу арқылы үйден шықпай-ақ оффлайн режимінде алдын-ала дәрігерге тіркелуге мүмкіндік алады. Бұл жүйе алдағы сәуір айында іске қосылмақ.  Ал келер жылдан бастап дәрігерлеріміз қағазбастылықтан арылып, электронды медициналық картамен жұмыс жасайтын болады.

Ләззат ШАҒАТАЙ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале