31.03.2017, 16:51
Оқылды: 40

«Мейірімді жүрек» көрмесі өтті

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың туындылары қойылған «Мейірімді жүрек» атты көрме өтті.

Әр жастағы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық өмірге бейімдеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен көрмеге зергерлік бұйымдар, былғарыдан жасалған бұйымдар, тоқыма киімдер, суреттер қойылды. Көрмеге мемлекеттік мекеме мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Шарада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен көрменің мән-маңызына тоқталып, шараның әлі де жалғасатынын айтты.

                                                                           Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале