21.01.2021, 15:43
Оқылды: 165

Мектеп асханалары ашылды

Қаңтардың 19-ынан бастап облыс бойынша 98 мектепте (Бөкей ордасы, Бәйтерек, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Теректі, Тасқала, Жәнібек аудандарында және бір облыстық мектепте) 1-4-сынып оқушылары мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамақ беру ұйымдастырылуда. Бұл жайында облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

B003BCC6-3010-48D3-9386-43A7EB844A1D

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекiтiлген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалары жинақталған құжат бар. Соның 165-бөліміне сәйкес бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарында асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы құрылымдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Бөрлі және Шыңғырлаудан басқа аудандардың (қаланың) білім беру бөлімдері жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бас-қармаларымен бірлесіп, кезекші сыныптарға ыстық тамақты ұйымдастыруда. Ыстық тамақ берілгенде қосымша шектеу іс-шаралары бекітіліп, карантин кезеңінде білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы мен асхана орнының 30% толымдылығы қамтамасыз етіледі.

Нұркен Ғаппар,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале