1.11.2017, 15:31
Оқылды: 74

Болашақ тілшілер облыстық газеттердің редакциясында болды

IMG_7659Айта кетейік, бүгін Орал қаласында мектеп оқушыларының қатысуымен медиафорум өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – белсенді жастарды ақпараттық ортаға тарту, қызығушылығын арттыру.


 

Оқушылар және жастар сарайында өтіп жатқан шараны облыстық білім басқармасы, "Өркен" қосымша білім беру орталығы және "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастыруда.

Медиафорум қатысушыларына түске дейін "Жайық Пресс" медиаxолдингінің бас директоры Жантас Сафуллин, "Aqjai'yq" телеарнасының журналисі Алмагүл Жанпейісова ақпарат саласының қыр-сырын түсіндірді.

IMG_7669Сонымен қатар қатысушылар облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің редакциясында,  «"Aqjai'yq" телеарнасында болды.

Газет, ақпараттық орталық тілшілері ақпаратты жедел тарату, сөз саптау, тіл мәдениеті, газеттердің электрондық нұсқаларын ғаламтор бетіне орналастыру жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Шара барысында жас тілшілер «Жайық Пресс» медиахолдингіндегі баспасөз музейімен танысты. Әсіресе, балаларға бір кездері қызмет еткен журналистердің бұйымдары, ескі құжаттар, газет тігінділері, құралдарды тамашалау қызық болды.

- Газеттер редакциясына сапар балаларға ұнады. Өйткені форумға мектепішілік газет-журналдарды жүргізіп жүрген оқушылар шақырылды. Сондықтан оларға тілшілерді көру, олармен сұхбаттасу қызық болған болуы керек. Шеберлік сыныптарынын өтеді. Түске дейін «Блог дегеніміз не? Блогты қалай жүргізу керек?» тақырыбында өңіріміздің блогерлері Динара Киндербаева, Гүлфайрус Уәлиахметтер шеберлік сағатын өткізді. Қатысушыларға бұл тақырып ерекше қызық болды. Форумның екінші бөлімінде олар «Жас тілші», «Тележүргізуші», « Бейнеоператор», «Фотокорреспондент» бағыттары бойынша жұмыстануда. Жалпы, шараны кәсіби бағдар беру мақсатында өткізіп отырмыз. Бұл біздің облысымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр, - дейді облыстық «Жасұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы Жосабек Есенғалиев.

IMG_7678Дәл қазір «Орал өңірі» газетінің фототілшісі Темірболат Тоқмамбет суретке түсіру барысында ескеретін қашықтық, жарық, көлем, өзге де талаптардың сақталуы туралы айтуда. Сонымен қатар форум қатысушыларына фотоаппарат құрылымы мен қызметін егжей-тегжейлі түсіндіруде.

Ал тілші Самал Жәмет оқушылардың журналистика саласына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, 9-11 сынып оқушыларына арналған форум бүгін тәмамдалып, соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале