29.10.2019, 18:17
Оқылды: 62

Он мемқызметкерге 597 513 теңге заңсыз сыйақы берілген

Елімізде 1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру бағытында іс-шаралар қолға алынды. Бұл жастардың ұлттық холдингте не компанияда саяси немесе жоғары басқарушылық әкімшілік лауазымға, жоғары басшылық лауазымдарға тағайындалуына мүмкіндік береді.

galym tyrsynov

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев айтып өткендей, аталмыш резервке іріктеуге 13212 адам тіркеліп, 7312 үміткер тіркеу рәсімін толық аяқтаған. Қабілеттерді тестілеуге 5745-і қатысып, тестілеуді верификациялауға 902 үміткер жіберілген. Оның нәтижелері бойынша 549 қатысушы сәтті өтіп, әлеуетті бағалау кезеңіне мүмкіндік алып отыр.

Спикердің сөзінше, қазір облыста 448 мемлекеттік құрылым қызмет көрсетуде. Мемқызметшілердің штаттық саны 4301 бірлік болса, нақты саны – 4040. Жыл басынан бері облыстағы мемқұрылымдарда 1178 әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға өткізілген конкурсқа 1215 үміткер қатысып, 635 үміткер жеңімпаз болған. Ал заңнамаларды білу бойынша тестілеуге қатысқан 2184 адамның 900-і оң баға алса, ал тестілеудің шекті мәнінен төмен баға алғандар - 1278 адам.Тестілеу өткізу ережесін бұзу бойынша 6 факт тіркелген екен. Оның бесеуі телефонды пайдалану болса, бірі- өзге жеке куәлікпен кіру әрекеті.

- Департамент мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде өткен 9 айда 52 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 373 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар жүргізілген профилактикалық бақылау кезінде 10 мемлекеттік қызметшіге 597 513 теңге көлемінде заңсыз сыйақы беру фактілері белгілі болды. Соның ішінде БҚО полиция департаментінде тоғыз қызметшіге 310 000 теңге және БҚО мәдениет басқармасында 1 қызметшіге 287 513 теңге берілген. Бүгінде мемлекет қазынасына 10 тұлғадан 597 513 теңге қайтарылды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 20 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 14 ескерту, 3 сөгіс, 1 қатаң сөгіс, 2 атқаратын лауазымынан босату бар.

Тексеру қорытындысы бойынша 10 өтініш берушінің 7-нің құқығы қалпына келтірілді, -  дейді  Ғалым Сұлтанұлы.

Спикер өз сөзінде әдеп жөніндегі кеңестің де жұмысына тоқталды. Кеңес қызметтік тәртіпті нығайтуға, сыбайлас жемқорлықтың  және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шараларды іске асыру бойынша облыстық мемлекеттік  құрылымдарға 39 ұсыным жолдаған. 10 тәртіптік істі қарау нәтижелесінде бес лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылып, барлығы орындалған. Жыл басынан бері департамент 70 әкімшілік хаттама толтырып,  3 894 825 теңге көлемінде айыппұл салған. Оның ішінде 2 177 825 теңге айыппұл өз еркімен төленген болса, қалғаны  мәжбірлі түрде  өндіріп алынған.

Ал департаментте қаралған 60 өтініштің 24-і бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына түсіндірме берілсе, 36 өтініш бойынша өз құзыреті шегінде тексерулер жүргізілген. Қорытындысында  19 өтініш бойынша өтініш иелерінің дәлелдері расталып, 7 адамның құқығы қалпына келтіріліп отыр.Сонымен қатар облыстағы мемлекеттік құрылымдарда 503 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр. Оның  322-і  жергілікті атқару құрылымдарының, 181-і аумақтық мемлекеттік құрылымдардың қызметшілері екен.Спикер сөзінде БАҚ-та жағымсыз материалдарды жариялау мониторингіне де тоқталды. Өткен тоғыз айда ақпарат құралдарында облыстағы  мемқызметшілерге  қатысты 30 жағымсыз материал жарияланып, 9-ы расталған. Жарияланымдарда баяндалған фактілер бойынша 11 мемлекеттік қызметші мен құқық қорғау құрылымдарының  қызметшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Баяндамада мәлім болғандай, өткен тоғыз айда облыста 372 қызмет түрі бойынша 3484814 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның ішінде  дәрігердің қабылдауына жазылу (587385) және дәрігерді үйге шақыру (87077) ең көп сұранысқа ие қызметтер болып отыр. Спикердің сөзінше, көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы тікелей байланыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру және электрондық үкімет порталын танымал ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Баспасөз мәслихатында Ғалым Сұлтанұлы 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы жойылатынын да атп өтті. бұл шара  ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін және басқа да мемлекеттік құрылымдардың  ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүргізілуіне байланысты қолға алынып отыр.

Ясипа Рабаева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале