23.06.2017, 20:12
Оқылды: 1889

Мемлекеттік қызметшілер күні аудандарда аталып өтті

Karatobe meml kizmet   Бөрлі ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

   Шара барысында аудан әкімі Алдияр Халелов мерекелік лебізін білдірді. "Мемлекеттік қызметтің ел алдындағы аса абыройлы да жауапты жұмыс екендігі баршамызға мәлім. Қоғамның кез келген саласында кадр мәселесінің маңызы зор. Әсіресе мемлекеттік қызметте жүрген мамандардың білімді де білікті болуы мемлекеттік қызмет сапасының артуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз. Бұл мәселеге Елбасымыз айрықша көңіл бөліп отыр. Өйткені еліміздегі саяси-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік қызметке тікелей байланысты", - деп атап өткен Алдияр Сансызбайұлы әріптестерінің жұмысына табыс тіледі.

  Тасқала ауданында да мемлекеттік қызметшілер  күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Санжар Әлиев қатысып, барлық қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  Аудан басшысы С.Әлиев мемлекеттік қызметтегі үлгілі еңбектері  үшін бірнеше қызметкерлерді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарын тапсырды.

  Қаратөбе ауданында өткен аталмыш салтанатты шара жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған қызметшілердің ант қабылдау рәсімімен басталды.

   Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметшіге облыс, аудан әкімдігінің алғыс хатын табыстады.

   -Қаратөбе аданында бүгінгі таңда 96 мемлекеттік қызметші қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметте 60  ер, 36 әйел адамдар қызмет атқаруда. 80 мемлекеттік қызметші жоғары білімді, 1 ғылым кандидаты, 2 магистрант бар. Аудан бойынша 77 мемлекеттік қызметші кешенді аттестаттауға қатынасып, өздерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін дәлелдесе, оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші лауазымын жоғарлатуға ұсынылды. Аттестаттау облыстық және аудандық комиссиялар деңгейінде өткізілді, - деді өз сөзінде Рашит Нәсіпқалиұлы.

Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

          Зеленов ауданық мәдениет үйінде де мемлекеттік қызметкерлер күніне орай салтанатты шара өтті.

       - Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Оның жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын, - деген аудан әкімі Кәрім Жақыпов қызметкерлерді арнайы мерекемен құттықтап алғыс хаттар табыстады.

    Теректі аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің мерекесіне арналған  шараға аудан әкімі Мұрат Мұқаев, аудан орталығындағы және ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметкер қатысып, салтанатты шара аясында аудан әкімі сөз тізгінін алып, барша мемқызметкерлерді құттықтады.

   -Халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Мемлекеттік қызметтің жүгі ауыр, міндеті – ауқымды. Осыны жадымызда ұстайық,-деді өз сөзінде аудан әкімі Мұрат Рахметұлы.

   Мерекелік шарада өз салаларының білгір мамандарына облыс әкімі Алтай Көлгіновтің және аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

    Ал Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мемлекеттік қызметкерлер күніне орай Чапаевта жас қызметкерлердің басын қосты. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өткен кездесуге аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, олармен емен-жарқын әңгіме өрбітті. Ел ісіне ерте араласқан жас мемлекеттік қызметкерлер өз ой-пікірлерін іркіп қалған жоқ. Базартөбе ауылдық округінің әкімі Артур Ермұханов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Жәлел Жолдығалиев, Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекшісі маманы Руслан Биманов толғамдарымен бөлісті. Мәртебелі маман иесі болу үшін алғырлық, қажымас қайрат, адалдық керегін тілге тиек етті.

   Аудан әкімі Ә.Жоламанов ауданның қоғамдық, мәдени-спорттық шараларына белсенді араласып жүргендерге естелік сыйлықтар тапсырды.

  Ал Сырым ауданының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызметтің мәртебесі» атты дөңгелек үстел өтіп, аудан әкімінің аппаратының басшысы Ерлан Сәрсенов төрағалық етті. Дөңгелек үстелге ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметін абыроймен атқарып, бүгінде құрметті зейнет демалысындағы ардагерлер, жас мемлекеттік қызметшілер  қатысты. Ардагер мемлекеттік қызметшілер жас кадрларға ақыл-кеңестерін беріп, мемлекеттік қызметті абыроймен атқарудың жолдарын айтты. Жас мемлекеттік қызметші П.Илашева  ардагерлерге алғысын білдірді.

  Аудан әкімінің аппаратының басшысы Е.Сәрсенов ардагер мемлекеттік қызметшілерге сый-сияпат табыс етті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале