14.07.2020, 10:35
Оқылды: 615

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығыстары оңтайландырылатын болды

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев оңтайландыру аясында мемлекет қай бағыттағы шығыстарды қысқартатынын айтып берді.

46DB97B2-575B-4E94-87C7-FAC2F03F493B

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығыстары оңтайландырылатын болады», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Атап айтқанда, мына шығыстарды қысқарту күтілуде:

- іссапар, өкілдік шығындарды, заттай мүлікпен, тамақпен қамтамасыз етуді және т. б. қысқарту;

- институционалдық қарыздар бойынша шығыстарды қысқартумен олардың тиімділігін қайта қарау;

- квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің өзін-өзі барынша ақтауына көшу;

- басталған жобаларды аяқтау міндетін шешуді ескере отырып, барлық салаларда шынайы инфрақұрылымдық жоспарларды әзірлеу;

- жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале