25.10.2018, 17:55
Оқылды: 30

Мемлекеттік органдарға қылмыстық және әкімшілік істерді электронды форматта жүргізу тапсырылды

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастамасымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың төрағалығымен электронды форматтағы қылмыстық және әкімшілік істерді енгізу жұмысының жай-күйі мәселесі қаралған отырыс өтті, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

 фото Халелова Рафхата (32)

         Отырысқа БҚО Ішкі істер департаментінің, «Қазақтелеком» БҚО бойынша филиалының, Жергілікті полиция басқармасының өкілдері және аудан әкімдері қатысты.

         Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы Жанат Нұрмағамбетова «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген «Электронды қылмыстық іс», «Әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізілімі», «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы», «Е-айғақтар» пилоттық жобаларын жүзеге асыру ісінде орын алған проблемалық сұрақтарға кеңінен тоқталып, оларды шешу жолдарын ұсынды.

         Кеңес соңында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жауапты мемлекеттік органдарға қылмыстық және әкімшілік істерді электронды форматта жүргізудің жай-күйін жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

zhaikpress.kz

         Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале