13.08.2019, 17:42
Оқылды: 291

Мемлекеттік сатып алу өтінімдерін уақытында қарамағандар айыппұл төлеуде

2019 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік сатып алу заңнамаларына өзгерістермен, толықтылулар енгізілуіне байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207-бабы 14- тармағымен әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қаралу, хаттамаларды орналастыру мерзімдеріне әкімшілік жауапкершіліктер айқындалды.

Осылайша өтінім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерін уақытылы қарамау, сол сияқты алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақытылы орналастырмау лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғуда. 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның 4-уі сот тәртібімен қаралуға жіберілсе, қалған 20-сы қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы,  ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасымен өтінімдерді қарау, алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын орналастыруға көрсетілген мерзімдері тыйым салынатын мерзімдер болып табылады.

Осы тұрғыда Департамент, ұйымдастырушылармен өтінімдерді қарау, алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын орналастыру мерзімдерін үнемі бақылауды ұстауды ұсынады.

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің

БҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале