10.10.2018, 16:11
Оқылды: 35

Мемлекеттік сатып алуда дау неден туындайды?

Электронды сатып алу саласының өркендеуіне байланысты сатып алудың ашықтығы ұлғайды.

Бүгінгі күнге сатып алуға қатысушы әрбір әлеуетті өнім беруші өзіне бәсекелеспен қатар конкурстық комиссияның барлық шешімдерімен таныса алады.

Алайда, конкурстық комиссиялардың шешімдері, барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды қанағаттандыра алмайды, бұл өз кезегінде әлеуетті өнім берушілердің уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымданудың артуына әкеліп соғады.

goszakupki

Шағымның басым бөлігі әлеуетті өнім берушілерді заңсыз конкурсқа жіберу немесе әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынымына әсер ететін өлшемшарттардың дұрыс қолданбауы және жеңімпаздарды айқындау туралы.

Сонымен қатар өнім берушімен, тапсырыс беруші тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға байланысты шағымдар саны төмендемей отыр.

Шағымдардың туындауы себептерінің бірден бірі сатып алудың қорытындылары бойынша жеңімпаз танылған жеткізушімен, тапсырыс берушілердің көңіл аудармауынан орын алуда.

Мысал ретінде кейбір қателерге тоқталсақ. Веб-порталда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны қалыптастыруда тапсырыс беруші тауардың нақты сипаттамаларын көрсетпейді. Яғни цифрлық құлыбымен жанбайтын сейф қабырғасының қалыңдығы 6 см тағысын тағыларды көрсетіп сейфтің биіктігін көрсетпейді нәтижесінде үлкен сейфтің орнына сипаттамалары сәйкес кіші сейф алады. Веб-порталда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны қалыптастыруда тапсырыс беруші сатып алатын қызметтің көлемін және сипаттамасын, атап айтқанда сахналық костюмдерді тігу санын ғана көрсетіп сатып алатын костюмдердің мөлшерін, кімге керектігін (ер/әйел), костюмің (европалық, ұлттық) қандай болу керек екендігін айқындап жазбауы нәтижесінде, сатып алуға тиесілі тауарлар әкелінбейді. Өнім беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттарын дұрыс оқымайды немесе түсінбейді, салдарында өнім беруші басқа тауар әкеледі немесе оған тауар жеткізу мен қызмет көрсету тиімсіз болады. Өнiм берушiге баға ұсынғанда 2500 теңгенің орнына 250 теңге көрсетуі мүмкін.

Департаментке келіп түскен шағымдардың басым бөлігі жеткізушілер (өнім беруші) тарапынан мемлекеттік сатып алу шарттық міндеттемелерін орындамауы бөлігінде орын алуда.

Бұл ретте, ҚР Азаматтық кодексінің 7 бабында азаматтық құқықтар мен мiндеттер көрсетілген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады. Өйткенi, осы әрекеттер азаматтық заңнамада көзделмегенiмен, олардың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындататыны аталған.

Ал Азаматтық кодекстің 9 бабында азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк, заңнамалық актілерінде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асыру көзделген.

Жоғарыдағыларға сәйкес, шарттық міндеттерді орындау барысында тараптар арасында туындаған даулар ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі және сотпен қаралатынын ескерген жөн.

 

В.Пак,

ҚР ҚМ ІМАК-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшы орынбасары

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале