20.02.2020, 19:17
Оқылды: 104

  Мерейтойлық шаралар ресми ашылды  

 

        Тасқала ауданындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар ресми түрде ашылды. 

start 2

start 1

Абай шығармашылығы ел тұтастығын, бірлігін арқау етті. Ол халықты татулыққа шақыруымен, ауызбіршілікті насихаттауымен құнды. Қанша ғасыр, қанша дәуір өтсе де, сөз қадірін білер оқырмандары барда Абай мәңгі жасамақ. Әрі бүгінгі таңда айтылып жүрген өзекті мәселелердің денін Абай өз дәуірінде жырға қосып кеткен. Ақынның шығармалары болашақты болжай білуімен де   ерекшеленеді. Сондықтан Абай шығармалары өзінің өзектілігін ешқашан да жоғалтпайды,-деді алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Алдияр Халелов.

Одан кейін ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері оларды оқырмандарға кеңінен таныстырды. Сондай-ақ, Абайдың қаламынан туған аудармалары мен қара сөздері таныстырылды.

                                                                                         Әсем СЕРІК

                                                                                     Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале