20.06.2017, 13:08
Оқылды: 37

Мерекелік марапат

f8ec26f4-a0f0-4406-8ff8-606ca597f7e9Көліктегі ішкі істер департаментінің Орал станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінде ҚР полициясы құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті.


- Құрметті әріптестер, баршаңызға төл мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқайсымыз үшін қызметіміз артқан жүкті жауапкершілікпен, абыроймен алып жүру оңай шаруа емес. Біз әрдайым тосын жағдайларға, қылмыскерлердің шабуылына тастүйін дайын жүруіміз керек. ea333d02-47c4-4fc8-8a12-2d65781442e3Әрине, біздің арамызда қоғамдық тәртіп, азаматтардың қауіпсіздігі үшін, Отан үшін қажет болған жағдайда жанын қиюға даяр қызметкерлер баршылық. Алайда сіздердің өмірлеріңізде жақындарыңыздың жанын жаралайтын мұндай қайғылы оқиғалар кездеспесін. Өйткені сіздер бір-бір жанұяның тірегісіздер. Сіздердің амандықтарыңыз жанұяларыңыз бен Отанымыз үшін бірдей қымбат. Сондықтан елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құра берсін! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! – деді әріптестерін мерекемен құттықтаған Орал станциясы желілік ішкі істер бөлімінің бастығы Қайрат Жақиянов.

ba088779-8646-4e52-a1f8-353c172c9d06Шарада қызметін атқару барысында қылмыскерлер қолынан қаза тапқан полицейлер туралы бейнебаян көрсетіліп, олар бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Аталмыш бөлімнің бастығы Қайрат Тойшыбекұлы бірқатар үлгілі қызметкерлерді алғыс хат және грамоталармен марапаттады. Мереке қарсаңында зейнет жасына жеткен  Орал станциясы желілік ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Өмірбек Қангереев және сол бөлімде аға криминалист қызметін атқарған Дамир Боранғалиевке бағалы сыйлықтар табыс етілді.02891c34-fccd-481d-9d66-1f27facad89f

Астана қаласындағы Көліктегі ішкі істер департаментіне қарасты Орал станциясы желілік ішкі істер бөлімінде 60-қа жуық қызметкер бар. Олар теміржол вокзалдарында, пойыздарда, сондай-ақ әуежайда қоғамдық тәртіпті сақтаумен, аталған жерлерде тіркелген қылмыстарды ашумен және оның алдын алумен айналысады.

Нұртас Сафуллин

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале