12.10.2018, 15:01
Оқылды: 57

Министр Қанат Бозымбаев: «Әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға жете мән берілмек»

Облысқа ҚР Энергетика министрі, Елбасы Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша құрылған республикалық ақпараттық топтың жетекшісі Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен келді. Жолдауды түсіндіру және іске асыру шаралары жөнінде облыс әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен өткен жиынға облыс активі, энергетика, коммуналдық салалардың, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Копия Изображение 576

         -5 қазанда Елбасымыз бүгінгі әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа ауқымды қамда жасау мақсатында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артыру» атты Жолдауы жариялады. Бұл жолы да Мемлекет басшысы тарапынан қазақстандықтар үшін маңызды мәселелерді шешу жөніндегі көптеген бастама қамтылды,-деді жиынды ашқан Алтай Сейдірұлы.

Өз кезегінде сөз алған министр Жолдау қазақстандықтардың болашағын баянды ете түсетін, тың серпіліс әкелетін, заманауи жаңалықтарға толы болғанын айтты. Әсіресе мұнда тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша бірқатар ауқымды мәселелердің шешу жолдары қарастырылған. Сондықтан, Жолдау жүйелі жүзеге асса, халықтың кірісі мен әлеуметтік әл-ауқаты жоғарылайтынына сенім мол.

-Ең алдымен Елбасы, жолдауда халық табысының өсуіне тоқталды. Ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көтеріледі. 275 мың азаматтық қызметкердің еңбекақысы орта есеппен 35% пайызға өседі деп жоспарлануда. Бұл бағытта жыл сайын Үкімет қоры есебінен 2019-2021 жылдарға 96 млрд. теңге бөлінетін болады. Сонымен қатар, Президент ірі кәсіпорындарға төмен жалақы алатын қызметкерлердің айлық табысын арттыруға кеңес берді.

Өз кезегінде, Энергетика министрлігі әкімдіктермен және өңірлердегі отын-энергетика кешені кәсіпорындарымен бірлесіп, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған шаралар қабылдайды. Мысалға, «ҚПО б.в.» компаниясының басшылығынан жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтерудің тиімді шараларын күтудеміз. Бұл ретте, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясының ел экономикасындағы маңызды орнын ерекше атап өткім келеді.

Қарашығанақтың даму жылдарында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына 342 миллион АҚШ доллар бөлінді. 14 медициналық мекеме, 28 білім беру мекемесі, ондаған инфрақұрылым, 12 мәдени-спорттық нысандар салынды. Жалпы, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 20 млн. АҚШ доллар көлемінде қаражат жыл сайын бөлінеді. Бір сөзбен айтқанда, ҚПО компаниясының облыс экономикасының өрге басуына көп үлес қосуда,-деген Қанат Алдабергенұлы еліміздегі, соның ішінде облыстағы энергетика, отын-энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экспортқа бағытталған өндіріс орны, экология салаларының, инновациялық-сервистік секторларының жай-күйі мен оларды дамыту жолдарына тоқталды.

Жиын барысында өңіріміздегі энергетика, коммуналдық қызмет құрылымдарының жетекшілері сөз алып, Елбасы Жолдауын орындау бағытында мекеме-кәсіпорындардағы іс-шаралар жөнінде баяндады.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,

zhaikpress.kz

Копия Изображение 489 Копия Изображение 494 Копия Изображение 632

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале