16.11.2017, 12:29
Оқылды: 59

Министр Оралдағы «BASTAU» коворкинг-орталығының жұмысымен танысты

ministr ErmebaevҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев БҚО-ға жұмыс сапары кезінде Оқушылар сарайының жұмысымен танысты.

Министр «BASTAU» коворкинг-орталығында болып, жастармен пікірлесті.

– Оралда мұндай Жастар мен оқушылар сарайы болғаны мені қуантты,– деді Нурлан Байұзақұлы. – Мұнда жастардың өзі және қоғам үшін пайдалы іспен айналысуы үшін қолайлы жағдай жасалған екен. ministr Ermebaev (2)Және бұл ақпараттық, коммуникациялық соңғы технологиялар арқылы жасалғанына риза болдық. Бүгін мен батысқазақстандық жастардың біздің ведомоство айналысатын «Туған жер», «Атамекен, «Әлеуметтік бастамалар картасы» жобалары бойынша белсенді жұмыстанып жатқанына көзім жетті.

– Батысқазақстандық жастар – өте белсенді. Қызықты жобаларды ұсынады. Өте өзекті сұрақтар қояды. Көздерінен от, болашаққа сенім көрдім. Біз мемлекеттік саясатымызды іске асыруда дәл осындай жастарға сенім артсақ болады, – деді Дін істері және азаматтық қоғам министрі.

Оксана КАТКОВА

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале