16.02.2018, 22:41
Оқылды: 40

Министр стратегиялық нысандарды аралады

received_10211065956497237Кеше Ақ Жайық өңіріне іссапармен келген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Оралдағы бірқатар маңызды стратегиялық нысанды аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Министрді облыс әкімі Алтай Көлгінов бастап жүрді.

Қ.Бозымбаев «Жайықжылуқуат» АҚ өндірістік базасына ат басын тіреді. Онда аталмыш кәсіпорынның техникалық директоры Нұрболат Жұмалиев министрге жылу қуат орталығының жұмысы жайында баяндады.

received_10211065956457236– Орал жылу қуат орталығында өндірілетін энергетикалық қуат – 85,5 МВт. Үш бу турбинасы, бес энергетикалық қазандық, алты су жылыту қазандығы бар. Қазіргі уақытта орталықтағы бес энергетикалық қазандықтың екеуі, үш бу турбинасының екеуі және су жылыту қазандығының үшеуі жұмыс істеп тұр. Ал өзгелері күн салқындағанда қосымша іске қосылады, – деді техникалық директор.

received_10211065955977224Қанат Бозымбаев жылу орталығының бекітілген жылу қуат межесі мен қазіргі іс жүзіндегі жылу қуат шамасының арасында айырмашылық бар-жоғын сұрады. Бұған бекітілген жылу қуатының сағатына 976 гигакалорияны, ал іс жүзінде өндірілетін қуаттың сағатына 561 гигакалорияны құрайтыны, айырмашылықтың болуына сегізінші су жылытқыш қазандығының жоқтығынан деп түсіндірілді.

received_10211065956897247«Бүгінде Орал қаласына сағатына 476,2 гигакалория жылу қуатын жеткізуге келісімшарт жасалды. 100 гигакалориядай қосымша жылу қуаты қорда бар. Қалада жекелеген 20 қазандық жұмыс істейді», – деп сұрақтың астына алған министрге нақпа-нақ жауап берді Н.Жұмалиев. «Бізде жылу қуатынан тапшылық жоқ», – деп үстемеледі облыс әкімі.

Бұдан кейін Н.Жұмалиев министрге Орал жылу қуат орталығының негізгі және қосымша құрал-жабдықтарына қайта жабдықтау және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын әңгімеледі. Оның айтуынша, ондағы мақсат – орталықтың белгіленген өндірістік қуатын ұлғайту. Үш кезеңмен іске асырылатын жұмыс барысында турбоагрегатты, энергетикалық қазандықтарды, су жылыту қазандықтарын ауыстыру жоспарланған.

Бүгінде ЖҚО-да 300 млн. кВт шамасында электр қуаты өндірілсе, жаңғырту жұмыстарынан кейін оның шамасы 350-380 млн. кВт-қа жетеді деп күтілуде. Бірінші кезеңнің жұмысын іске асыруға 4,5-5 млрд. теңге көлемінде қаржы керек. Бұл шаруа ҚР Энергетика министрлігі жасақтаған жылумен қамту жүйесінің құрылысы мен реконструкциялау үшін облыстық бюджеттерді республикалық бюджет есебінен несиелеу бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Бұдан кейін Қ.Бозымбаев жылу қуат орталығындағы газтурбоагрегаттың және жылу беру қазандықтарының жұмыс ырғағын көріп, байқады. Мамандармен тілдесіп, жұмысқа қатысты түйінді түйткілдер жоғын сұрап білді. Олар қыс басталғалы жылу беруде тоқталыс немесе апатты жағдай орын алмағанын айтты.

Сондай-ақ министр облыс әкімінен Орал жылу қуат орталығына қосымша газ жеткізетін магистралды газ құбырының құрылысы жұмысының жай-күйін сұрады. «Магистралды газ құбыры тартылды. Енді алдағы уақытта жылу орталығымен құбырларды түйістіру жұмысы жүргізіледі», – деді Алтай Көлгінов.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

Сурет: Айбатыр Нұраш

received_10211065956897247 received_10211065958617290 received_10211065957177254 received_10211065957217255 received_10211065957137253 received_10211065958257281 received_10211065958377284 received_10211065958297282 received_10211065956977249 received_10211065956857246

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале