21.02.2017, 19:06
Оқылды: 45

Министрлік өкілдерімен кездесті

Сейсенбіде өңірімізде іссапарда жүрген ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Талғат Сатиев пен ҚР ИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов «Орал трансформатор зауыты» ЖШС жұмысшылармен кездесті.


-Жаңа Жолдау көптеген басымдыққа ие. Мәселен - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты - инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу. Мысалы, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС -замануи құрылғылармен жабдықталған жаңа кәсіпорындардың бірі. Өнімдерінің 90 пайызын Ресейге экспортқа шығарып отырған серіктестіктің ел экономикасы үшін маңызы зор. Елімізде осындай үлкен кәсіпорындардың көптеп ашылуы жұмыссыздықты азайтып, мемлекет бюджетін молайтады. Бұл кәсіпорын бүгінде 200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Яғни, мұндай кәсіпорындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға айта қаларлықтай ықпал етуде.

Оның сөзінше, елімізде балаларды үш тілде оқыту қарқынды қолға алынды. Биылдан бастап жастарға кәсіби білім беру тегін жүргізілетін болды. Келесі жылдан бастап базалық зейнетақы мөлшері өзгермек. Сондай-ақ, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап балалардың дүниеге келуіне байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы 20 пайызға өсірілмек және медициналық сақтандыру тәртібі енгізілмек.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале