16.07.2019, 15:56
Оқылды: 111

МСҚ жыл басынан бері  БҚО бойынша халыққа қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 18,3  млрд. теңге төледі  

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 18,3 млрд. теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.   

выплаты каз июль

«2019 жылы 15 шілдедегі мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 18,3   млрд теңге яғни 53,9% төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының проценті», - деді МСҚ-ның БҚО бойынша филиалының директоры Нуржамал Жумагулова. 2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 34,4 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 14,4% пайыз артық.

Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 51 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 15 жеке меншік клиника да бар.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

«ӘМСҚ»КеАҚ  БҚО бойынша филиалы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале