30.03.2017, 13:02
Оқылды: 22

«Мұғалімдер қағазбастылықтан құтылады»

Бұл мәселе бойынша да Білім министрі ілкімді істер жүргізіліп жатқандығын баяндады.

-Алдағы үш айда мұғалімдердің өз міндетінен тыс шаруаларға алаңдамауына қатысты қатал тәртіп белгілеп, біріккен ереже бекітуді жоспарлап отырмыз.  Министрлік тек үш жүйені ғана қалдыруды  мақсат етуде. Олар: Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰББДҚ), электронды журнал, («Күнделік») және бухгалтерлік есеп. Мектептерде  бұдан басқа ешқандай есеп толтырылмауы тиіс.

Тағы бір маңызды мәселе, мұғалімдерді өз міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартуға тыйым салмақпыз. Бүгінде олар медициналық анализдер жинап, «Оңай» карточкаларын тарату сықылды жұмыстарды істейді, үй-үйді  аралайды. Заң бұған тыйым салады. Біз алдымен бұл мәселені ведомствоаралық деңгейде көтеріп, сондай-ақ құжат жүзінде бәрін реттеп, мәселені түпкілікті шешу жолын таппақ ниеттеміз.

Біздің елімізде балаларымыздың жоғары білім алу мүмкіндігін жеңілдету үшін  бар жағдай жасалуда. Биыл грант саны бакалаврлар үшін 31 мыңнан 36 мыңға, магистранттар үшін 7000-нан 10 мыңға дейін, докторанттарға 1100-ге дейін көбейді, - деді министр.

Кездесу соңында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім саласы қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Гүлжамал Кенжеғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале