23.12.2016, 19:07
Оқылды: 88

Мұқашев турнирі мəреге жетті

fb_img_1482505943931-1Оралда екі күннен бері атақты палуан, еркін күрестен КСРО спорт шебері, 1973 жылғы КСРО біріншілігінің қола жүлдегері, бүкілодақтық жазғы ауыл ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Сайлау Мұқашевтың жүлдесі үшін ересектер, 2004-2006 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында өтіп жатқан республикалық ашық турнир аяқталды, деп хабарлайды БҚО дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының баспасөз қызметі.


Боз кілемдегі тартысты белдесудің нəтижесі бойынша, 2007-2008 жылы туған балалардың арасында Өміртай Ернұр (20 кг, Жаңаөзен), Нұрболат Нұрдас (23 кг, Қазталов), Қоныс Нұршат (26 кг, Сырым), Байыржан Асылхан (29 кг, Бөрлі), Бекмұханов Шамильдер (32 кг, Бөрлі) өз салмақ дəрежелерінде жеңімпаз атанды.
fb_img_1482505979784-12004-2006 жылы туған жас балуандардың арасында Самигуллин Сұлтан (26 кг, Орал), Өтеулі Жанкелді (29 кг, Жаңаөзен), Әділхан Омар (32 кг, Ақтөбе), Сайнов Мирас (35 кг, Жаңаөзен), Бақытов Қазбек (38 кг, Сырым), Бисенбаев Сұлтан (42 кг, Орал), Лұқпанов Жалғастар (+42 кг, Жаңақала) жеңіс тұғырынан көрінді.
Ересектер арасында Қартбай Мейрамбек (57 кг, Ақтөбе),  Жақсылық Бек (61 кг, Ақтөбе), Бахытжанұлы Аманжан (74 кг, Ақтөбе), Ихсанов Асланбектер (125 кг, Орал) топ жарды.

Айгүл Ахметова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале