1.04.2020, 13:19
Оқылды: 41

Мұқтаж жандарға «Қызыл ай» қоры көмектесуде

«Қызыл ай» қоғамдық қорының өңірілік филиалы республикалық «Добрые посылки» акциясына өз үлестерін қосуда. Негізінен жалғысбасты жандар мен мүмкіндігі шектеулілерге және қант диабетімен ауыратындарға көмек көрсетуді мақсат еткен шара 25 наурыздан бері жалғасып келеді.

8fa52ae6-c9f0-448a-a66c-5300aad02845
-Біздің қор елдегі жағдайға бейжай қарап отыра алмайды. Қиын жағдайға тап болған аға буын өкілдері жалғыздықтан қатты қажиды. Осындай азаматтарға қамқорлығымызды көрсетіп, көңіл бөлуіміз қажет. Қор жанашырлары қажет азық-түліктерді алуға көмек көрсетіп келеді. Сәуір айының 1-нен бастап қоғамдық қор жедел желісін іске қосады. 500-132 нөміріне хабарласқан қарияларымыз «Волонтер 1661» клубының мүшелерімен әңгімелесіп, шер тарқата алады,-дейді «Қызыл ай» қоғамдық қорының облыстық филиалының жетекшісі Светлана Тенишева.

Бүгінде далаға шығып, азық-түлік алуға мүмкіндігі жоқ 30 қария мен мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсеткен қор мүшелері аталған шараны әлі де жалғастырады. Қор филиалының басшысы Светлана Владимирқызы акцияның өтуіне көмек көрсеткен «Профиль» ЖШС, Искаков Б.Ш, Кузнецова С.А, Разварова М.А. Торты от Разваровой жеке кәсіпкерліктері мен Зиг-Заг дүкеніне ризашылғын білдіреді.

Түгелбай БИСЕН,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале