22.05.2019, 11:30
Оқылды: 18

Мұнай өнімдерімен су мен жерді ластаған қос кәсіпорынға айыппұл салынды

БҚО экология департаменті басшысының орынбасары Мұрат Ермекқалиевтің айтуынша, мұнай өнімдерімен ластауға қатыстылығын анықтау үшін Чапаев атындағы затон аумағында орналасқан барлығы алты кәсіпорын тексерілді.

ФОТО-СОТ-1

         Атап айтқанда, «Дизельпром», «SeaLain», «Орал кеме жасау және жөндеу компаниясы», «Эсторал», «Флот» ЖШС және «Қазақстан су жолдары» РМК Орал филиалы тексеруден өткізілді. Соның ішінде өз өндірістік базасында кеме жөндеумен айналысатын «Орал кеме жасау және жөндеу компаниясы» мен оның еншілес кәсіпорны «Дизельпром» ЖШС-ның суға шығатын жері жоқ екендігі белгілі болды.

          Сонымен қатар үш кәсіпорын кемелері орын тепкен судағы химиялық толық талдау онда мұнай өнімдерінің жоқтығын көрсетті.

         Чапаев атындағы затонда жағалау алаңдары бар «Эсторал» ЖШС мен «Қазақстан су жолдары» РМК Орал филиалы орналасқан жерден топырақ сынамалары алынды. Соның нәтижесінде «Эсторал» ЖШС-ның топырақ қабатын мұнай өнімдерімен ластағаны анықталды. Бұл ҚР Экология кодексі 217-бабы 2-тармағына қайшы келеді. Заңды тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 337-бабы 2-бөлігіне сәйкес (жерді бүлдіру) әкімшілік жауапқа тартылды.

         Оған қоса «Қазақстан су жолдары» РМК Орал филиалы орын тепкен аумақтағы судан алынған бес сынама қорытындысы мұнай өнімдерінің шамадан тыс асып кеткенін көрсетті. Бұл Экология кодексінің 199 және 267-баптарын бұзу болып табылады. Тексеру қорытындысы бойынша бұл заңды тұлға да ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 324-бабы 1-бөлігі (қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу) және 337-бабы 2-бөлігіне сәйкес (жерді бүлдіру) жауапқа тартылды.

         -Екі кәсіпорынға да 63 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Енді анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіледі, - деді М.Ермекқалиев.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале