28.01.2019, 22:50
Оқылды: 27

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев: «Мәдени нысандар салынуын құптаймыз»

zachagan (18)Бүгін Орал қаласының Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров тұрғындары алдында есеп берді. Кент әкімінің есебіне Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, қалалық мекемелердің басшылары, депутаттар, кент тұрғындары қатысты.

 Қала басшылығы кездесуде сөз алған тұрғындардың бәрінің сауалын тыңдады. Бірнеше тұрғын кентке мәдени нысандар салынуын сұрады. Бірі мәдениет үйін, бірі спорт нысандарын, соның ішінде бассейн салу жайлы ұсыныстар айтты. Ал Болат Аманғалиев есімді тұрғын мешіт құрылысы жоспарда бар-жоғын білгісі келді.

zachagan (13)

 

«Қала басшылығы кәсіпкерлерден мейрамхана, жанармай бекеттерін көбейте бергеннен гөрі мәдени нысандардың салынуын құптаймыз. Қаланың бас жоспарында үшінші мешіт құрылысы да бар» дейді Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев.

Еске сала кетсек, бүгінде Зачаган кенті тұрғындарының саны 52 мыңға жеткен. Бұл кенттің аумағы 13 шағынаудан бар.

Нұрлыбек Нұрланұлы,

©zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале