29.06.2017, 17:56
Оқылды: 48

Мүшәйраның бас жүлдесін Мадияр Төлеуов иеленді

jas3jpgБүгін Қадыр Мырза Əли атындағы мəдениет жəне өнер орталығында Алашорда қозғалысының 100 жылдығына орай Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедов атындағы "Ұлықтауға лайық ұлт зиялысы" атты облыстық мүшəйраның қорытынды кеші өтті.


jas4Облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының басшысы Дəулеткерей Атауұлы, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрайымы Ақұштап Бақтыгереева сөйлеген соң, жас ақындар өлеңдерін оқыды.

900ca80a-2572-41ad-8e3a-fe66cacb05b1Қазылар алқасының шешімімен мүшəйраның бас жүлдесін Мадияр Төлеуов (М. Өтемісов атындағы БҚМУ) иеленді. Байқауда Жанерке  Ғинаят (БҚМУ) І, Марлен Ғилымхан (Жаңақала)ІІ, Бауыржан Ширмединұлы (Сырым ауданы) ІІІ орын алды. Алшынбек Мұқанғалиев (Жəңгір хан атындағы БҚАТУ), Бауыржан Зейнешев (Серебряков ауылы), Абзал Серікқалиұлы (Қазталов), Бекболат Қаленов пен Гүлназ Патшағұловаға (Ақжайық) ынталандыру сыйлығы берілді.

 

Байқау алдында орталықтың мəжіліс залында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына байланысты басқосу оздырылып, оған жергілікті қаламгерлер мен жас ақындар қатысты.

 Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале