5.02.2018, 10:23
Оқылды: 42

Мұз айдыны ашылды

«Жастар» стадионында жасанды мұз айдыны ашылды.  Ашылу салтанатына облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысты.

- Бұқаралық спортты дамыту мақсатында бүгін мұз айдыны ашылды.  Бұл көпшілік сырғанауға арналған мұз айдынын «Қарашығанақ Б.В.» компаниясы бір жыл көлемінде жөндеді. Мұзды жабдықтауға арналған заманауи құрылғылар Еуропадан әкелінді. Абаттандыру жұмыстары көктемде жүргізіледі. Мұз айдыны «Ақжайық» хоккей командасына жаттығуға  берілді. Өйткені «Ақжайық» командасының ойыншылары республиканың құрама командасында ойнап жүр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның құрама командасы Хабаровскіде өтіп жатқан Әлем чемпионатына қатысып, жартылай финалға шықты. Енді Финландия, Ресей, Швеция секілді алпауыт елдердің құрама командаларымен додаға түспек. Біз үшін бұл да үлкен жетістік. Аспан астындағы мұз айдынының ашылуына орай қала тұрғындары мен жастарды  бұқаралық спортпен айналысуға шақырамын,- деді облыс әкімі Алтай Сейдірұлы.

                                                                             Гүлсезім Бияшева

Суреттер Темірболат Тоқмамбеттікі

Темирболат Токмамбетов3 Темирболат Токмамбетов4 Темирболат Токмамбетов2 (1) Темирболат Токмамбетов2

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале