9.04.2019, 17:06
Оқылды: 26

«Музейстар-2019» жобасы жыл соңына дейін жалғасады

Наурыз айында облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен бастау алған «Музейстар-2019» жобасының алғашқы қатысушысы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Білімді жастар – ел болашағы» атты көрмесінің жабылу салтанаты болды.

korme (9)

М.Өтемісов атындағы БҚМУ жанындағы «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері Даниял Танзеновтың айтуынша, аталмыш жоба аясында өткізіліп жатқан бұл шара наурыз айының 14-інде  басталған.

- Бір айға жуық уақытта біз университет студентерінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарды осы облыстық музейге әкеліп қойдық. Студенттердің туындыларын көптеген қала тұрғындары тамашалады деп айта аламыз. Бүгін, міне, шағын концерттік бағдарламамен көрмені қорытындылап, эстафетаны қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға жолдамақпыз, - дейді Даниял Жұпмағамбетұлы.

Шара барысында аталған университеттің студенттері әннен шашу шашып, күй күмбірлетті. Айта кетейік, «Музейстар-2019» жобасы жыл соңына дейін жалғасын таппақ.

Есенжол Елекенов,

zhaikpress.kz

korme (1)

korme (2) korme (3) korme (4) korme (5) korme (6)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале