23.06.2017, 11:03
Оқылды: 34

Музыка пәні мұғалімдерінің аймақтық конкурс-фестивалі өтеді

muzykaӨміршең өнегеміздің қағидасын өзек еткен Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында сөз болған жобаларды, соның ішінде «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысын М.Өтемісов атындағы БҚМУ музыкалық білім және вокал кафедрасының ұжымы болып талқылады.


«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді», - дейді Елбасымыз. Ұлттық сана-сезімді көтере және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыка өнерін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымызды бойымызға мәңгі сақтауымыз қажет.

Іс жүзінде кафедра ұжымы болып алдағы оқу жылында жерлесіміз, әнші Роза Жаманова атындағы халықаралық вокалистер конкурсын, «Музыка мұғалімі – ұлттық өнердің жаршысы» атты музыка пәні мұғалімдерінің аймақтық конкурс-фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Мұндағы мақсатымыз – жергілікті әнші-педагог есімін кейінгі ұрпаққа дәріптей, жас әншілер қатарын анықтау.

Кафедра ұжымы осы «Туған жер» бағдарламасы негізінде жоспарланып отырған мақсаттарды жүзеге асыру бағытында жұмыстанады.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ  музыкалық білім және вокал кафедрасының аға оқытушылары

А.Б.Жардемова, Л.Қ.Өмірзақова

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале