4.09.2020, 9:40
Оқылды: 768

«Мың бала» ауыл мектептеріне арналған бірінші Ұлттық олимпиадасында батысқазақстандық шәкірттер жеңімпаз атанды

21 тамызда ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ (қорытынды) кезеңі өтті.

Myn bala

«Мың бала» - ауыл балаларын қолдау мен дамытуға, олардың қала құрдастарымен табысты бәсекелесуіне жағдай жасауға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы академиясы» КҚ-ның «Ел Үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша бастамасы аясында іске асырылуда.

Олимпиада екі кезеңде өтті және ол еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6-сыныптағы 295 мың оқушыны қамтыды. Олимпиаданың II кезеңінің бес мың қатысушысы - Қазақстанның әртүрлі ауылдарынан келген оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен абстрактілі-логикалық ойлау дағдылары бағаланды. Батыс Қазақстан облысында олимпиаданың қорытынды кезеңіне 5-6 сыныптардың 171 оқушысы қатысты. Екінші кезеңнің қорытындысын шығару ұпайларды саралау және бүкіл ел бойынша ең жоғары тестілеу нәтижелері бар 1000 оқушыны іріктеу арқылы жүргізілді. Олимпиаданың II кезеңінің қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз іріктеліп алынды, оның ішіндегі 92 жеңімпаз Батыс Қазақстан облысынан: 5-сыныптарда – 49, 6-сыныптарда – 43 жүлдегер. Біздің оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Батыс Қазақстан облысы олимпиадаға қатысу сапасы бойынша республика облыстарының көшбасшыларының үштігіне кірді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған, республиканың түкпір-түкпірінен келген 30 бала (6-сынып) Республикалық физика-математика мектебіне (Алматы қ. филиалы) қабылдануға ұсынылды.

Республикалық физика-математика мектебінің филиалында (Алматы қ.) оқуға Батыс Қазақстан облысынан бір оқушы ұсынылды: Жұмабай Мұнар (6-сынып, Теректі ауданы, Ақжайық ЖОББМ). Екі оқушы мектеп резервіне алынды: Ахмет Досымжан (6-сынып, Тасқала ауданы, «Сәулет» МЛ) және Максименко Альбина (6-сынып, Бәйтерек ауданы, Новень ЖОББМ).

Толық ақпарат: https://fnn.kz/site/news/view?id=494

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале