26.04.2019, 12:16
Оқылды: 34

Наиб мүфти оралдық жамағатпен кездесті

Ақжайық өңіріне келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінде болып, жамағатпен жүздесті.

din (1)

         Наиб мүфти «Пайғамбарымыздың заманындағы көркем мінездің қалыптасуы және қазіргі таңдағы мұсылманның келбеті» тақырыбында уағыз айтты.

          «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және тәлім-тәрбиесінде өскен адал сахабалар өз өмірлерін басқалардың бақыты үшін арнауды үйреткен. Осы мақсатта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Жомарт    – Аллаға, жəннəтқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Алладан, жəннəттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын деген. Жалпы мұсылман өзгеруді өзінен бастау керек»,- деді Алау Әділбаев.

         Әсерлі, рухани уағыздан кейін жамағат наиб мүфтиге алғыс айтты.

Орал қалалық

«Тəжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

din (2)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале