27.04.2019, 13:23
Оқылды: 28

Назарбаев зияткерлік мектебінде робототехникадан аймақтық олимпиада өтуде

Орал қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде WRO 2019 ережелеріне сәйкес робототехникадан аймақтық олимпиада өтуде.

IMG-20190427-WA0007

Дәстүрлі өтетін байқауға Орал қаласынан, Тасқала, Қаратөбе, Жәнібек, Бөрлі, Теректі, Бөкей Орда, Ақжайық, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарынан 45 команда, 100-ге жуық оқушы қатысуда.

Олар негізгі, роботтар футболы, шығармашылық және еркін категориялары бойынша жарысқа түсуде. Жалпы облыстағы робототехникамен айналысатын балалар республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүр.

IMG-20190427-WA0009

Аталмыш мектеп директорының орынбасары Айдар Сұлтановтың айтуынша, робототехника елімізде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Семей қалаларында жақсы дамыған. Солтүстік Қазақстан мен Петропавлдың командалары да осал қарсылас емес екен. Ал өңіріміздегі аудандар арасында Тасқала мен Жәнібек аудандарының балалары республикалық байқауларға қатысып жүр.

IMG-20190427-WA0006

Бұл байқаудан негізгі, шығармашылық және роботтар футболы категориялары бойынша жеңімпаз атанған командалар Ақтөбе қаласында өтетін республикаға олимпиадаға жолдама алады. Байқау жеңімпаздары түстен кейін белгілі болмақ.

Ясипа Рабаева, 

zhaikpress.kz

IMG-20190427-WA0004

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале